Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Атыраудың әкімі сырқат балаға көмектесуге уәде берді

Atr.kz/19 ақпан, 2020 жыл.  Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындар алдында есеп беру кезінде сырқат балаға көмектесуге уәде берді.

Ислам есімді 10 жастағы сырқат бала облыс әкімінің есебіне анасымен бірге келді. Алдымен, Ислам өзінің дерті туралы айта бастап, бірақ, ойын толық жеткізе алмады.

Оның анасы Айнұр Ғабдуллинаның айтуынша, баласына перзентханадан арнайы диагноз қойылған. Алайда, он жылдан бері Алматыдағы медициналық орталықтарда емделгенмен, шипасы табылар емес. Сол себептен, анасы енді баласын шетелде емдетуге көмек сұрады.

Облыс әкімі  Махамбет Досмұхамбетов көпшіліктің алдында Исламның емделуіне көмектесуге уәде берді. Әкім Исламға көмек берудің нақты жолдарын пысықтау үшін  оның анасын бүгін түсқайта өтетін жеке қабылдауына шақырды.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-m%D2%AFmkindigi-shekteuli-zhandar%D2%93a-arnal%D2%93an-%D3%99leumettik-%D2%9Byzmetter-portaly-iske-%D2%9Bosylady/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button