Жарнама
Жаңалықтар

Атырауды абаттандыруға 1 млрд. теңге бөлінген

«Атырау қаласының 100 аула аумағын абаттандыру» аясында 1 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлініп, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік аумақтарын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды іске асыру басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі хабарлауынша, көп қабатты үйлердің тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында, 100 тұрғын үйдің аумағын абаттандыруға жоба-сметалық құжаттамалар жасақталып, ағымдағы жылы «Атырау қаласының 100 аула аумағын абаттандыру» аясында 1 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлініп, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік аумақтарын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды іске асыру басталды. 

Балықшы, Авангард, Лесхоз, Вокзал маңы, Мұнайшы, Азаттық даңғылы және Атырау қаласының орталық және сол жағалауында орналасқан басқа да үйлердің мердігерлік ұйымдары «Риголит» ЖШС және «Атырау колик» ЖШС, «SHEBERBUILD» ЖШС-тері ашық электронды түрде анықталған мемлекеттік сатып алу конкурсы жеңімпаз болып атанды.  Жоба аясында аулаішілік өткелдер мен тротуар жолдарының ескі жол киімдерін жаңарту, борттық тастарды ауыстыру, футбол алаңдарын салу, спорт-тренажер және балалар алаңдарын салу, заманауи жарықтандыру шамдарын орнату, орындықтар мен урналарды орналастыру көзделген. Тас жолы жабыны, бордюр, кірме жолдар мен тұрақ орындарын жайластыру, іргелес аумақтарды абаттандыру, жарықтандыру және балалар алаңдары ауыстырылады. 

Бүгінгі күні тиісті жұмыстар 27 аулаішілік аумақта жүргізілуде (Балықшы-4, Лесхоз-8, Сарыарқа-2, Сәтбаев-1, Нұрсая-1, Тұлпар,  Авангард-11, Мұнайшы-17, Привокзальный маңы-10, Баймұханова, Алмагүл-17, Ауэзов). Күні бүгінде аталған көп қабатты тұрғын үйлер аумағына тас жол төсеу жұмыстарына дайын.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Атырау қаласын аумағындағы 150 аула абаттандыру жобасы шеңберінде қаламыздың көп қабатты тұрғын үйлерін ауласын жаңарту үшін жобалау-сметалық құжаттама 3 кезеңге бөлініп, «ЛМ-Транспроект» және «Шымгорпроект» және «Редлайн» жобалаушы болып анықталды. Осы күні жобалау жұмыстары жасақталып жатыр.

Қасиет Бахкерейқызы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button