Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда мектептегі жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды

Атырау қаласындағы С.Зиманов атындағы N37 орта мектепте орын алған оқиғаға байланысты жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына Атырау облысы әкімдігінің білім беру басқармасы, қалалық білім бөлімі және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері енді.

Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрліктің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті бұл мәселені өз бақылауына алды. Қазіргі уақытта жағдайды мұқият зерделеу және тексеру жұмыстары басталды. Сондай-ақ, министрліктің аумақтық департаментінің ұйымдастыруымен кезектен тыс облыстық педагогикалық этика жөніндегі кеңес өткізілді. Кеңес қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.

-Мұғалімнің қазіргі жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Оған барлық қажетті психологиялық көмек көрсетіледі. Естеріңізге сала кетейік, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының талаптарының бұзылуы анықталса, республика Оқу-ағарту министрлігінің аумақтық департаменттеріне немесе Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне +7 (7172) 74-23-92 нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз, — делінген ресми хабарламада.

Айта кету керек, бұған дейін мектептегі қызметкердің өз-өзіне қол жұмсауға оқталғанын хабарлаған едік. Ендігі уақытта бұл жағдайдың тексеру нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат берілетін болады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Сурет: rupixel.ru

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button