
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атыраудағы вирус жұқтырған он үшінші адамның кім екені белгілі болды
Atr.kz/31 наурыз, 2020 жыл. Коронавирус дертімен оқшауланған он үшінші атыраулық 49 жастағы әйел адам болып шықты.
Науқас 21 наурыз күні «Алматы — Атырау» рейсімен қалаға ұшып келген.
«Қазіргі таңда науқас өзін жақсы сезінуде. Бүгінгі уақытта оның осы уақытқа дейін кімдермен байланысқа түскені анықталуда. Науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандардың барлығы оқшаулануда» делінген Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратта.