Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Атыраудағы «Семейное» дәріханасының өкілі дәрі-дәрмек бағасына қатысты мән-жайды түсіндіріп берді

Елімізде вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерге шекті баға енгізу жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысы күшіне енді. Енді жаңадан қабылданған қаулыға сәйкес, бірнеше санатқа бөлінген препараттардың құны шекті бағадан аспауы тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек саясаты департаменті басшысының міндетін атқарушы Ботагөз Сыздықованың айтуынша, коронавирустан ем қабылдап жатқан науқастарға қажетті препараттар тегін беріледі. Сондай-ақ, Covid-19- дан бөлек бактериялы инфекциялар жұққан жағдайда антибиотиктер, пневмониямен ауырған науқастарға да тегін дәрілер қарастырылған.

– Бағалардың шекті санын анықтауға бағытталған шаралар дәріханаларды ғана қамтымайды, өндірушілер мен жеткізушілер де тексеріледі. Сонымен қатар, әр дәрінің бағасына қатысты министрлік ашық ақпарат беруге дайын, — деді министрліктің өкілі дәрідәрмектің шекті бағасы жөнінде.

 А л , Д е н с а у л ы қ с а қ т а у министрлігінің Атырау облыс ы б о й ы н ш а м е д и ц и н а л ы қ және фармацевтикалық бақылау комитетінің бөлім басшысы Сұлушаш Қ уа н ғ а л и қ ы з ы о бл ы с б о й ы н ш а 300-ден астам дәріхана барын айтты.

– Министрлік бекіткен тізімде 3 5 0 — д е н а с т а м д ә р і — д ә р м е к т і ң бағасына өзгеріс енгізіліп, ол 30- 40 пайызға дейін арзандаған. Осы жағдай Қазақстан бойынша барлық фармацевтикалық қауымдастықты алаңдатып отыр. Өйткені, дәріханалар осыған дейін қымбатқа алған дәрілерін арзан бағаға сата алмайды. Бұл оларды шығынға әкеледі. Ол үшін тауар дәріханаларға жеткенше өндірушіден де, көтерме бағамен сатып алатын дистрибьютерлерден де арзанға келуі керек, — деді бөлім басшысы.

Денсаулық сақтау министрлігінің қабылдаған қаулысын негізге ала отырып, мәселенің мән-жайына ү ң і л у г е ұ м т ы л д ы қ . С е б е б і , министрлік бекіткен шекті баға мен дәріханалардағы бағаның арас ы н д а а й т а р л ы қ т а й а л ш а қ т ы қ б а й қ а л а д ы . М ә с е л е н , Ат ы р ау қаласындағы Т.Амандосов көшесі, 30-шы үйде орналасқан «Семейное» дәріханасындағы дәрі-дәрмек бағасын министрлік бекіткен шекті бағамен салыстырып көрген едік. Салыстыра келе, кейбір дәрідәрмектердің құны минист рлік бекіткен шекті бағадан асып түсетінін байқадық. Мұның себебі неде? Біз осы сауалды «Семейное» дәріханасының б ө л і м м е ң г е р у ш і с і Н ұ р ж ау ғ а н Зейноллиеваға қойған едік.

– Министрлік бекіткен тізімде 370- тей дәрінің бағасы өзгергенін көрдім. Тізімде COVID-ке қатысы жоқ, көзге тамызатын, варикозға арналған түрлі дәрі-дәрмектер де еніп кеткен. Сондай қателіктер де орын алған. Жүрек ауруына, қан қысымына арналған дәрілерді пандемиядан бұрын да халық пайдаланып келді. Олар да тізімде тұр. Әуелі дистрибьютерлерге шекті баға қоюы керек. Мысалы, 600 теңгеге алған дәріні 400 теңгеге сата алмаймыз. Ондай жағдайда шығынға бататынымыз анық, — деген ол мәселенің маңыздылығына тоқталды.

Жағдайдың ары қарай қалай өрбитіні белгісіз. Себебі, тұтынушылар қай кезде де дәрілердің бағасы арзан болғанын қалайды. Керісінше, дәріхана иелері қымбатқа алған дүниесін арзанға сатқысы келмейді. Қос тараптың да жанайқайын ескере отырып, министрлік алдағы уақытта «өгіз де өлмейтін, арба да сынбайтын» оң шешім қабылдайтынына сеніміміз мол.

Алтынбек МЕРСАДЫҚ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button