Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯ

Атыраудағы өрттен адам өмірлері құтқарылды

Atr.kz/21 қазан, 2020 жыл. 2020 жылдың 20 қазанында 18 сағат 04 минутта Атырау қаласы Геолог поселкесі, Аққұлов көшесінде бір үйден түтін шығып жатырғаны жөнінде хабар түсті.

Шақырту орнына жеткен кезде Геолог поселкесі, Аққұлов көшесі 2 қатарлы тұрғын үйдің 1-ші қабатында орналасқан пәтердің, ауданы 8м2 (4х2) болатын қылтимасында тегершіктердің және қалдық ағаштары өртеніп жатқаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекеттерінің арқасында өрт кезінде 2-ші қабатынан 2 әйел адам құтқарылды.

Өртті сөндіруге 10 қызметкер, 3 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.                     

Өрт сағат 18:22-де толықтай сөндірілді. Қаза болған, жарақат алғандар жоқ.

Құрметті Атырау облысының тұрғындары! Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз!

Атырау облысы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

whatsapp image 2020 10 20 at 18.38.15

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button