Атыраудағы өндірістік технологиялар қандай деңгейде?
Atr.kz/14 ақпан, 2020 жыл. Шетелдік компаниялардың отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге қоятын талабы бар. Оның бастысы – әлемдік стандартқа сәйкес болуы. «Қазақстандық қамтуға» маңыз берген еліміз бұл бағытта қандай жұмыстарды жүзеге асыруда?
ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ АЗ
А л п а у ы т т а р ғ а ө з қызметін ұсынған отандық кәсіпорынның бірі – «Sadaz&K» серіктестігі. Арнайы техникаларды жөндейтін Атыраудағы жетекші құрылымның бүгінде қызметі сан түрлі. Автокөліктің май түтіктерінен бастап, гидравликалық, бұрғылау түтіктерін шығарады. Техниканың г и д р о ц и л и н д р л е р і н дайындайды. Технологиялық ж е л і н і Г е р м а н и я д а н жеткізіп, шикізатты да осы елден алдырады. «Sadaz&K» ЖШС бас директоры С а я н Қ о ж а х а е в т ы ң айтуынша, өзі жетекшілік ететін коммерциялық ұ й ым о б л ыс т ағ ы і р і кәсіпорындармен жұмыс жасайды. Дегенмен, бұдан бұрын тауар өндірушілер көрмесіне қатысып, қызметін ұсынған кәсіпкердің шетелдік компаниялардан көңілі қалған секілді.
–Олардың тарапынан қызығушылық аз. Қызметімізде айта қоятындай жаңалық жоқ. Әлеуметтік ж е л і н і ң и н с т а г р а м , фейсбуктегі парақшалары арқылы жұмысымызды насихаттап, жүйелі жүргізіп келе жатырмыз. Біз ешкімнен ешқандай көмек күтпейміз, — деді серіктестік жетекшісі.
ТҰЙЫҚТАН ШЫҒАР ЖОЛ ҚАНДАЙ?
Елімізде қызмет деңгейі жоғары, өндірген өнімі сапалы өзге фирмалар бар. Істің мәнжайын білетіндер олардың мүмкіндігін арттырудың жолы көп дейді. Алғашқысы – жеке индустриалдық парк ашуға жұмыстану. Салықтық жеңілдіктер қарастырылатын аймақ Қазақстанға тауар жеткізіп, кейін осында өндіріс ашуды қалайтын ғаламдық құрылымдарды қызықтыруы керек.
Осы күнге дейін шекара асып келгендерге ғана жайлы жағдай жасалды. Өнім бөлісу жөніндегі келісімдерге Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қол қойылды. Осы себептен де өзгелерге талай есеміз кетті. Оның үстіне инвесторға қажетті дүниені Атырауда шығарғаннан гөрі, сырттан тасымалдаған әлдеқайда арзанға түсті. …Ал, мемлекеттің бүгінгі саясаты өзгеше болып тұр. «Қазақстандық қамту» бағыты бойынша өнімді елімізде өндіруге маңыз берілуде.
– Шетелдік операторлар өндірілген өнімнің әлемдік талап деңгейіне сәйкес келмейтінін айтады. Біздер оған жауап ретінде «олай болса, бірлесе отырып жоспарлайық» деп ұсыныс жолдадық, — деді «Атамекен» ҰКП мұнай операторларымен байланыс жөніндегі ресми өкілі Асылбек Жәкиев.
Оның баяндауынша, бүгінде мемлекеттің мүмкіндігі жоғарылады. Өндірісті дамытуға, мамандарды оқытуға жағдай қарастырылған. Сондықтан, ресми өкіл алпауыттармен ара қатынаста «off-take» келісім-шартын жасақтауды ұсынып отыр. Мұның мәнісі неде? Мәселен, ТШО компаниясы сорғы сатып алуды жоспарлайды. Жабдықтаушылар оны шекара асып әкелсе, енді бұлай әрекет етудің қажеті жоқ. Жаңа технология енгізіліп, жан-жақты қолдау көрсетілсе, қажеттілікті Қазақстаннан шығаруға болады.
««Оff-take» келісім-шарты біздің машина жасаушыларға операторлармен ұзақ мерзімді әріптестік негізінде жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызады» деді ресми өкіл.
ЖОҒАРЫ ТАЛАП – ЖОҒАРЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қазір вице-премьер Р о м а н С к л я р д ы ң жетекшілігімен Үкімет жанынан жобалық кеңсе құрылды. Оның ауқымында шетелдік компаниялармен ынтымақтастық қызмет жасауға мүмкіндік туды. Тиісті министрліктер, PSA серіктестігі осы бағытта әрекет етуде. Отандық бизнес те шетелдік компаниялардың талап үдесінен шығуға дайындалуда. Өнімнің сапасы, бағасы, оны уақытында жеткізу үшін барлық мүмкіндігін салмақшы. Алайда, отандық қамтудың деңгейі әлі төмен күйінде қалып отыр.
–Қазақстандық бизнеске осы мақсаттың үдесінен шығу үшін әлі де жұмыстану қажет. Олардың бізбен үнемі байланыста отыруы маңызды дер едім. Бұл өтетін тендер, жаңа жобалар туралы естіп-білуіне мүмкіндік туғызады. Еліміздің кәсіпкерлері шетелдік алпауыт компаниялардың бірден мердігері болуға ұмтылады. Оның өте күрделі шаруа екенін ескере бермейді. Сондықтан, оларға іс-шараны қосалқы мердігер ретінде бастауды ұсынамын, — деді Асылбек Жәкиев.
Отандық бизнестің «қазақстандық қамту» жолында жеткен жетістіктері де бар. Әйткенмен, оның көбі аз қаржымен биікке шығуды көздейді. Мамандарының білімі мен біліктілігіне, істәжірибесіне, өндірістік т е х н о л о г и я л а р ы н ы ң халықаралық талаптарға сай болуына маңыз бере бермейді. Үлкен жобаларда кәсіп иелерінің шеттеп қалуының басты себебі осында жатқанын айтады мамандар.
- Қазақстандық өндірісшілер өнімдерін жаңа нарыққа шығаруда. Өзгелермен бәсекелес, сапалы болғандықтан оған сұраныс та артып отыр. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, алғаш рет әскери техника Бангладешке, аккумулятор Италияға жеткізілді.
Азамат БАЗАРБАЕВ