АТЫРАУДАҒЫ КӨРІСУ МЕРЕКЕСІ ӘУЕЖАЙ МЕН ВОКЗАЛДА ДА ТОЙЛАНДЫ!

img 20220314 wa0100 Жаңалықтар

Мұнайлы мекендегі Көрісу мерекесі әуежай мен теміржол бекетінде жалғасты.

Көрісу мерекесінде қала өнерпаздары қалаішілік қоғамдық көліктерде тұрғындармен көрісті. Өнерпаздар Х.Доспанова атындағы халықаралық әуежайда келуші қонақтар мен жолаушыларды қарсы алып, оларға ерекше тілектерін арнады. Мұнан соң, қала көшелерін аралап, «Абай» атындағы оқушылар сарайында балаларға арнап концерттік бағдарламалар ұсынды.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан бастау алған жылжымалы концерт ұжымы вокзал маңында тұрғындарды мерекемен құттықтады. Қала тұрғындары да «Бір жасыңмен» деп бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп жатты. Тұрғындар шараны жылы қабылдап, ерекше ұйымдастырылған шараға алғыстарын білдірді. Өнерпаздар би-билеп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Абай ҚАБДЫҚ

Фото: автор

img 20220314 wa0099
img 20220314 wa0098
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз