Атыраудағы Бірлік ауылында жол жоқ
Atr.kz/26 маусым, 2019 жыл. Атырау қаласының іргесінде Геолог ауылдық округіне қарасты елді мекенде 11 көшеде жол жоқ. Жаңбырлы күні батпақ кешкен тұрғындар, жолсыз көшеге жедел жәрдем ментаксиде келмейтін айтады. Ал, округтің әкімі жол салуға арналған құжаттардың әзірленіп жатқандығын айтады.
Жолсыз көшенің бейнетін көрген тұрғындар жиналып шағымын айтты. Көктемдегі лай-батпақта, жаңбырлы күндері шағын көшеде жүру мүмкін болмайды. Сары батпақтан әбден ығыр болған тұрғындар біраз мекменің ескігін тоздырған. Бұл аумақтан үй салуға, жер телімдері 2011 жылдан бастап берілген. Бүгінде 30 жуық тұрғын тұрады. Олардың басым көбі көпбалалы аналар мен қарт адамдар. 600 метрлік көшедеге асфальт төселмегендіктіктен тірліктерінің берекесі қашқандығын айтады.
Ауыл тұрғыны: «8 жылдан бері тұрамыз, бірқа әлі күнге біздің көшемізде жол жоқ. Батпақ болғанда аяқ алып жүре алмайсыз. Бұны жасау үшін талай рет әкімдікке айттық алайды, жол салынбады», – дейді көпбалалы ана Дина. Ал, екінші дәрежелі мүгедек Самал: «Екі баламды мектепке жаяу жетелеп апарып келем. Жолсыз көшеге такси кірмейді. Батпақ болса, қаладағы туысқандарымыздлың үйіне барып паланаймыз», – дейді. Тұрғындар арасында бірнеше рет жедел жәрдем шақырып, жолсыз көшеге медицина қызметкерлерін келтіре алмағандар да бар. «Үнемі қан қысымым көтерліп кетеді. Шақырсаң көмекке келмейді. Батпаққа көліктері батып қалады» дейді Нұржамал апа.
Аулдағы жолсыз көшелердің мәселесімен Геолог ауылдық окургінің әкімдігі де таныс. Осыған дейін 23 көшенің 12-сіне жол салынған. Алдағы уақытта 11 көшеге жол төселеді.
«Жоспарсыз ештеңмеде жасалмайды. Құжаттарын жасақтап жатырмыз. Бұл көшеге де жоспар бойынша жол салынады. Осыған дейін 12 көшеге жол төседік. Қалғандарына алдағы уақытта салынады», – дейді Геолог ауылдық округінің әкімі ҚуандықЖақиялиев.
Сондай-ақ, тұрғындар ауыл іргесіндегі құрлыс жұмыстарына топырағы алынған үлкен шұңқырдың мәселесін де айтты. Бұндағы карьерді толтыру жұмыстарын әкімдік өз күшімен жасап келеді. Алайда, бұл аумаққа болашақта мектеп пен балабақша салынады.
«600 орындық мектеп пен 150 орынды балабақша салынады. Оған ақша шығындап топырақ төгудің қажеті жоқ. Бұл мемлекеттің жері болғандықтан, ешқандайда уайымдаудың қажеті жоқ. Елді мекендегі тұрғындардың игілігіне пайдаланылады», – дейді әкім.
¤ Көшенің топырақ жолы да асфальт төсеуге дайын жатыр. Тек, 600 метрге жол салынса тұйық көшенің тұрғындарының басты мәселесі шешілмек.
Әнел Маратова,
студент