Атыраудағы әскери мектептің оқушылары ант қабылдады

bazaa Жаңалықтар

 «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей интернатында ант қабылдау рәсімі өтті. Отанға қызмет етуді әзірден қолға алған жас жеткіншектер 7-9 сыныптар арасында  ата-ана, ұстаздардың алдында ант қабылдады, деп жазады atr.kz

  “Сармат” мамандандырылған мектеп-лицей интернатында алғашқы әскери дайындық, хореография, шахмат, хор әні, домбыра, теннис, бокс, дзюдо, джу-джитсу, еркін күрес, футбол, баскетбол, волейбол секілді түрлі үйірмелер мен пікірталас клубы жұмыс жасайды. Интернатта балаларға жақсы жағдай жасалған. Бес мезгіл тамақ, жатын орындармен жабдықталған.

    Ант қабылдау рәсіміне Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков те  қатысты. «Таразы басын тең ұстап, оқумен әскери жолды да қатар алып келе жатқан жас ұрпақ тәрбиеленуде», деген ол аталған оқу орынан ел қамын ойлаған азаматтар шығарына сенім білдірді.

  Салтанатты жиынға қатысқан ата аналар “Жас сарбаз” республикалық әскери патриоттық ұйым қатарына қосылған азаматтарға жүрекжарды лебізін білдірді.

«Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысар» дегендей, балаларының жаңа бір деңгейге көтерілгеніне ата аналар да қуанышты.

Ұлболсын Марсова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз