Атыраудағы алыс ауылдарда интернет жылдамдығы артты

55081 Жаңалықтар

Атырау облысында шалғайдағы ауыл жылдамдығы жоғары интернетке қосылды.

Қызылқоға аудандық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Соркөл ауылындағы 23 отбасында 80 адам тұрады. Бұрын бұл ауылда интернет желісі болмаған.

«Ауданда ауылдарды, оның ішінде шалғайдағы шағын елді мекендерді жылдамдығы жоғары интернет желісіне қосу жұмысы жалғасып жатыр. Соркөл – Қызылқоға ауданында жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етілген он үшінші ауыл. Ауыл аудан орталығы – Миялы мен Сағыз стансасының аралығын жалғайтын жол бойында орналасқан. Облыс орталығына дейінгі қашықтық 300 шақырымды құрайды. Осы кезге дейін бұл ауылда мобильді байланыспен сөйлесу қиындық тудырды. Енді ауыл тұрғындары талшықты-оптикалық байланыс желісін тұрақты пайдалатын болды. Қазір елді мекендегі 23 үйдің 11-і интернетке қосылды», -деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ауыл тұрғындарына сапалы интернет арқылы базалық қызметтер мен сервистер қолжетімді болады.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен банктердің, зейнетақы қорының, телемедицина мен онлайн-кітапханалардың, маркетплейстердің қызметіне қашықтықтан қосылу, әлеуметтік желілер мен мессенджерді пайдалану мүмкіндігін алып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз