Жарнама
ЖаңалықтарБілім

Атырауда зияткерлік мектептер тәжірибесін қарапайым білім ордаларына енгізу ұсынылды

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен «Атырау облысының орта білім беру жүйесін дамытуға қолдау көрсету» жобасы бойынша кеңес өтті.

akimmen birge

 Жиынға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидинова қатысып, жобаның негізгі бағыттарын таныстырды.

– Бүгінде Атырауда орта білім беру жүйесін дамытуға арналған үлкен жоба басталып жатыр. Оны облыстық білім беру басқармасы мен Назарбаев зияткерлік мектебі бірлесе отырып, жүзеге асыратын болады. Жоба аясында мұғалімдер пәнді бағалау жүйесі бойынша оқытылады. Өз тәжірибесін зерттеуге жағдай жасалады. Аталған жобаның өңірдегі кеңсесі ашылды.

Оның жұмысына Назарбаев Зияткерлік мектебінің Білім беру орталығы, Бағалау орталығы, мұғалімдердің Біліктілігін дамыту орталығы және біздің мектептің 20 ұстазы қатысады. Шеберлік сағаттары, семинарлар ұйымдастырылады. Білім берудің деңгейін аз уақыт аралығында көтеру мүмкін емес. Сол үшін де жоба әзірге бір жылды қамтымақ.

nogataevna

Дегенмен оның аясында белгілі бір сандық көрсеткіштерге жету мақсат етілген. Жобаға Атырау облысындағы білім беру басқармасы анықтаған білім сапасы төмендеу 50 мектеп таңдап алынды. Оның 23-і қалалық, 27-сі ауылдық жерде. Мұндағы өзекті мәселе – осы мектептер арқылы білім берудегі негізгі мәселелерді зерделеп, болашақ мықты мамандарды дайындау, балалардың білім деңгейін көтеру, — деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Ноғатайқызы.

 Білім беруді дамытуға арналған жоба негізгі 5 блоктан тұрады. Ол талдау және мониторинг, балалардың жағдайы, мүмкіндіктер мектебі, педагогикалық кадрлар дайындау және инфрақұрылым жасақтау болып бөлінеді.

Жо б а а я с ы н д а ж а л п ы б і л і м беретін барлық мектептің 14 жастағы оқушыларының функционалдық сауаттылығының қалыптасуы бойынша зерттеулер, 50 мектепте 4-ші және 8-сынып оқушыларының оқу жетістіктерінің көрсеткіштері жүргізілетін болады. Оған қоса кеше «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ командасы облыстағы барлық жалпы білім беретін мектептердің директорларымен онлайн кездесу өткізді. Жобаны жүзеге асыруды ұйымдастыратын кеңсе білім беру басқармасы жанындағы әдістемелік орталығының базасында ашылып, қажетті оқу-әдістемелік материалдармен жабдықталған.

Жастардың саналы да білімді болуын көздейтін жоба Атырауда алғаш ұйымдастырылғанымен өз жемісін беріп жатса, басқа да өңірлерде жалғасын табуы мүмкін.

 Алтынбек МЕРСАДЫҚ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button