Атырауда жырға айналған жуу стансасының мәселесі шешілді

izobrazhenie 2021 03 05 114101 Жаңалықтар

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ына қарасты мұнай өнімдерімен ластанған «Ақжайық» жуу-булау станциясы – Атырау қаласындағы экологиялық мәселе туындатушылардың бірі. Химиктер ауылындағы аумағы 2 гектар станция қазандықтарынан мұнай қалдықтары төгіліп, топырақ ластанды. Жылдар бойы қордаланған проблема 3 наурыз күні түбегейлі шешімін тапты. Мәселенің мән-жайын анықтап, аталған учаскеде құзырлы орын өкілдерімен біз де кездестік.

Атырау облысы бойынша экология департаментінің талабы негізінде 2006 жылы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының шешімімен «Ақжайық» станциясының қызметі қала сыртына шығарылғанға дейін уақытша тоқтатылған еді. Алайда, сот шешіміне 15 жылға жуық пысқырып та қарамаған компанияның қызметі енді ғана толық тоқтатылды. – 2006 жылы жұмысы тоқтатылған

«Ақжайық Батыс-2006» ЖШС-нен мұнай қалдықтары сақталған металл ыдыстары бар еді. Топырақтың ластануына сол ыдыстардан төгілген қоқыстар себеп болды. Қазір серіктестік таратылды. Экология департаменті 2019 жылдың тамызында Атырау көлік прокуратурасының нұсқамасы негізінде аталған станцияның топырақты мұнай өнімдерімен ластау дерегі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Соның қорытындысына сəйкес проблеманы 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жою туралы нұсқама берілді. Бірақ оны компания тарапынан заң бұзушылықты жою туралы бұрын берілген ұйғарымды орындауға жұмыстанбағаны анықталды, – деді Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Əлібек Бекмұхаметов. Одан əрі тексеру жүргізіліп, «ҚТЖЖүк тасымалы» АҚ-ына қатысты тиісті заңдылық бойынша қозғалған əкімшілік құқық бұзушылық іс Атырау қаласының мамандандырылған əкімшілік сотына жолданған. Компанияның Атыраудағы филиалы əкімшілік жауапкершілікке тартылып, мəселенің салдарын жою туралы ұйғарым шығарылса да, талап тағы да орындалмайды. Ақыры, департамент топырақтың ластану салдарын мəжбүрлеп жою туралы Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына

жүгінген. 2020 жылғы 24 шілдедегі сот шешімі негізінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ына былтыр 24 тамызға дейін «Ақжайық» станциясында топырақты мұнай өнімдерімен ластау салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізу міндеттелді. Бұл кезде экология департаменті сот шешімі бойынша атқару парағын сот орындаушысына да жіберіп үлгерді. Сонда да мəселе күні бүгінге дейін созылып кетті. – Биыл 9 қаңтарда аталған аумақты

мұнай өнімдерінен тазалау бойынша Атырау көлік прокуроры, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» Атырау бөлімшесі, сот орындаушысы жəне Атырау қаласы əкімдігінің өкілдері бас қосып, ластанған жерді 1 наурызға дейін тазалау қажет деп мəмілеге келді. Бүгінде қала əкімдігі ластанған жер учаскесін тазартып, 390 тонна майлы топырақ пен қалдықтарды арнайы полигонға шығарды, – деді Ə.Бекмұхаметов. А л , т а л а п т ы ң у а қ ы т ы н д а орындалмауының басты себебін «ҚТЖЖүк тасымалы» Атырау магистралды желісі бөлімшесінің директоры Елеубай Сапаров компаниясының таратылуымен байланыстырды. – «Ақжайық Батыс-2006» серіктестігі осы аумақта 1994 жылдан 2006 жылға дейін келісім-шартпен қызмет етті. Топырақтың мұнай қалдықтарымен бүлінуіне бірден-бір себепші де сол. Бірақ құрылым таратылған соң, бұл жерде 2019 жылы кең көлемде тазалау жұмыстары басталып, 2020 жылы тоқтатылды. Себебі, аумақ қала əкімдігінің меншігіне сатылатын болды, – деді Е.Сапаров. Сөйтіп, сот шешімімен орындалмаған жұмыс қала əкімдігінің араласуымен жүзеге асты. Ал, енді бұл аумақ қандай мақсатта қолданылады?

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Жаңадан қойма салынады

Қайрат ОРАЗБАЕВ, Атырау қаласының әкімі:

– 1994-2006 жылдар аралығында мұнай өнімдерін таситын теміржол қазандарын буландырып, жолды жуатын станцияның жұмысы экологиялық ахуалға зардабын тигізіп, тұрғындардың орынды өкпе-назын туғызғаны рас. Бүгінде «Экотехник» компаниясының көмегімен осы жердегі мұнай қазандықтары шығарылып, төгілген мұнай қалдықтары толық тазартылды. Жердің иесі – əзірге «Қазақстан темір жолы-Жүк тасымалы» АҚ-ының Атырау филиалы. Бірақ біз оны «Атырау» əлеуметтіккəсіпкерлік корпорациясына беріп, үлкен логистикалық база салуды жоспарлап отырмыз. Ал, станцияның қалған ғимараттары жаңадан құрылыс салғанда қойма ретінде пайдаланылады. Облыс əкімінің тапсырмасына сəйкес жобаны жүзеге асыру үшін жер телімінің меншік иесі заң жүзінде расталған соң, логистикалық орталықтың жобалық-сметалық құжаттары жасақталады. Өйткені, халықты азық-түлікпен, бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтудың қиындығы төтенше жағдай кезінде айқын көрінді. Мұны түбегейлі шешу үшін бізге үлкен қоймалар мен арнайы жабдықталған орталықтар қажет.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз