Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жылу беру маусымына дайындық деңгейі 72%-ды құрайды

Бүгінде Атырау қаласында 180-ге жуық дербес жылыту қазандығы бар. Мұндай қазандықтардың әрқайсысы ең көп дегенде үш қана көпқабатты үйді жылумен қамтуға қауқарлы. Ал, оларды  қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бекітілген кесте бойынша паспорттаудан өткізуге міндетті.

Қазіргі таңда облыста кезекті жылу беру маусымына дайындық деңгейі 72%-ды құрайды. Қазан айына дейін бұл көрсеткішті  100%-ға жеткізу көзделген. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Серікқали Қанапиннің айтуынша, алдағы жылу беру маусымына облыста 421 білім беру,  147 денсаулық сақтау нысаны және 1789 көп қабатты тұрғын үй дайындалуда. Жалпы ұзындығы 36 шақырым жылу желісі  жөнделіп жатыр.

Өткен маусымда жылу құбырларында орын алған апатты жағдайларды қалпына келтіру мақсатында  Береке және «Нұрсая» шағынаудандарында орналасқан магистралды жылу құбырына жөндеу жүргізілген. Одан бөлек, «Атырау ЖылуЭлектрОрталығы» АҚ бойынша 3 жылу агрегаты мен 2 турбоагрегатты қалпына келтіру қолға алынған.  Қалада барлығы 177 дербес жылу қазандығы бар. Алдағы уақытта тозған электр бағаналарын жаңасымен  ауыстыру міндеті тұр.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button