Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жылдамдықты шектен тыс арттырған 5500-ден астам жүргізуші анықталды

Республикалық маңызы бар тас жолдарда соңғы 3 айда жылдамдықты шектен тыс асырған 5500-ден астам жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.

Соңғы 3 ай қортындысымен республикалық маңызы бар тас жолдарда жүрігізушілердің көлік құралын жылдамдығын шектен тыс асырып, басқару жүйесін игере алмай аударылып немесе автокөлікпен үй жануарларына соқтығыс жасау салдарынан көптеген жол апаттары орын алды.

-Жол-көлік оқиғасын алдын-алу мақсатында патрульдік полиция ротасы бүгінгі күнге дейін жылдамдықты шектен тыс асырған 5650 жүргізушіні анықтады. Осы жағдайдың алдын алуға бірнеше рейдтік іс-шара жүргізіліп, жаднама парағы таратылды. Соған орай жүргізушілерден көлікті басқару барысында өзіңіздің және өзгенің өміріне немқұрайлы қарамай, жылдамақты шектен тыс асырмауды ескертеді, — деді Патрульдік полиция рота командирінің орынбасары Алмас Закариев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button