Атырауда жыл басынан бері тас жолдарда 28 жол-көлік оқиғасы тіркелген

609183ba341a5574887150 Жаңалықтар

Атырау облысы аумағында жыл басынан бері республикалық маңызы бар тас жолдарда 28 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 40-80 шақырым тұсында орын алады.

Жол-көлік оқиғаларының орын алуына басты себептердің бірі – жылдамдықты шамадан тыс асыру. Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция қызметкерлері тарапынан жүргізілетін түсіндірме жұмыстарына қарамастан, көлік жүргізшілері бұл ескертпелерге назар аудармауда.

Қазіргі таңда жыл басынан бері жылдамдықты шамадан тыс асырған 8000-нан астам дерек тіркелген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз