Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жыл басынан бері тас жолдарда 28 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Атырау облысы аумағында жыл басынан бері республикалық маңызы бар тас жолдарда 28 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 40-80 шақырым тұсында орын алады.

Жол-көлік оқиғаларының орын алуына басты себептердің бірі — жылдамдықты шамадан тыс асыру. Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция қызметкерлері тарапынан жүргізілетін түсіндірме жұмыстарына қарамастан, көлік жүргізшілері бұл ескертпелерге назар аудармауда.

Қазіргі таңда жыл басынан бері жылдамдықты шамадан тыс асырған 8000-нан астам дерек тіркелген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button