Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жыл басынан бері 90-ға жуық бала жоғалған

Қазіргі таңда балалардың жоғалу фактілерінің көбеюі алаңдатар жағдай туғызуда.

​Облыс аумағында жыл басынан бері балалардың жоғалуының 89 дерегі тіркелген. Бала жоғалу фактісі бойынша 73 ата-ана полиция қызметкерлеріне хабарласса, 6 хабарлама мектеп қызметкерлерінен, 9 хабарлама адасқан балаға бей-жай қарай алмаған азаматтардан түскен.

​- Жасөспірім балаңыз уақытында үйге келмеген жағдайда, өз еркіңізбен іздестіру жұмыстарын ұзаққа созбай, дереу полицияға хабар беріңіз. Бұл жоғалған балаларды іздестіру жұмыстарының сәтті аяқталуына өз септігін тигізер еді. Көп жағдайда ата-аналар балаларының үйге келуін күтіп, оқиғаны жасырып келеді. Мысалы, күндізгі 12:00 шамасында сабаққа кеткен баласының үйіне уақытылы келмеуі бойынша ата-анасы тек қана түнгі 01:30 шамасында полицияға хабарлаған. Бұл жағдайда бала табылып, аман-есен ата-анасымен қауышқан болатын, — дейді Атырау облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Абзал Әліпқалиев.

​Жасөспірім балаларыңыздың тәрбиеңізге көнбей, сабақ оқудан бас тартып, үйден ұзақ-уақытқа ескертусіз кетуді әдетке айналдырса немесе алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық, т.б. тәуелділік белгілерін байқасаңыз, Сіз 8-7122-98-21-31, 98-22-31 телефондары арқылы хабарласып, балаңызға көмек көрсету бойынша құқықтық кеңес ала аласыз.

фото: ашық дереккөзден алынды

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button