АТЫРАУДА «ЖЫЛ АДАМЫ – 2021» АНЫҚТАЛДЫ

008f6a12 b568 4ff1 a6c2 94046ded7df4 Жаңалықтар

Бүгін Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінде мұнайлы өңірдің дамуына үлес қосқан түрлі саланың үздіктерін дәстүрлі марапаттау салтанаты өтті. 

Шараға Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қатысып, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында еселі еңбек етіп жүрген жандарға алғысын білдірді.

51ac9cc5 1868 48b7 8778 eb6dc77ae4bc

Аймақтың  тыныс-тіршілігіне жыл он екі ай атсалысқан  үздіктер 14 аталым бойынша  іріктелді. 

Атап айтқанда, «Жылдың мемлекеттік қызметкері», «Мәдениет қызметкері», «Жыл мұғалімі», «Жыл спортшысы», «Жылдың құқық қорғаушысы», «Жыл дәрігері», «Жыл құрылысшысы», «Әлеуметтік саланың жыл қызметкері», «Жыл кәсіпкері», «Жыл журналисі», «Ауылшаруашылығы саласының қызметкері», «Коммуналдық саланың жыл қызметкері», «Жыл депутаты», «Белсенді депутат» аталымдары бойынша үздіктер анықталды.

Ал, «Жыл адамы-2021» марапаты облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Баймолдаеваға табысталды.

Ерекше айта кетейік, биылғы

“Жыл журналисі-2021” аталымымен әріптесіміз “Atyray” газетінің шолушысы Гүлжан Әмірова марапатталды. 

6edb5bf2 f006 42d6 b2c4 76d49dbd08df
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз