Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жұмыссыздар үшін құрылыс мамандықтарына оқытуға қабылдау басталды

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдің ірі жер қойнауын пайдаланушыларымен бірлесіп, аймақтың жұмыссыз азаматтары үшін оқыту сабақтарын ұйымдастыруды жалғастыруда. Нақтырақ айтқанда, «Теңізшевройл» ЖШС Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы жүзеге асырылуда,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

603a2180 f050 48e4 9b2c 575e4f8f4821

Оған Атырау облысының 18 жастан асқан жұмыссыз тұрғындары, сондай-ақ аймақта тұратын Теңіз кен орнының демобилизацияланған қызметкерлері қатыса алады.

-Сабақтар электр монтаждаушы, БӨП монтаждаушы, құбыр монтаждаушы және металл конструкцияларын дәнекерлеуші мамандықтары бойынша өтеді. Ұзақтығы таңдалған мамандыққа байланысты екі айдан екі жарым айға дейін жалғаспақ. Үміткерлер білімнің базалық деңгейін анықтауға арналған 15 сұрақтан тұратын тестілеуден өтетін пәнді таңдай алады, — дейді басқарма өкілдері.

1ade511e 2060 423c a886 7faa0c99c5db

Іріктеу жұмыстары 2025 жылдың 20-31 қаңтары аралығында «APEC Petrotechnic»жоғары колледжінің оқу орталығында өтеді. Ал тренинг ақпанның үші басталмақ. Айта кетейік, өткен жылы «Теңізшевройл» ЖШС-нің электромонтаждаушы, БӨП монтажшысы, құбыр монтажшысы және металл конструкцияларын дәнекерлеуші мамандықтары бойынша оқыту курстарынан өткендердің саны 168-ді құраған. Биыл шамамен 125 адамды оқыту жоспарлануда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button