Атырауда жұмыссыз азаматтарды 5 мамандық бойынша оқуға іріктеу жүргізіледі
Атырау облысы әкімдігі мен «Теңізшевройл» компаниясы арасындағы келісімге сәйкес 3-7 шілде аралығында жұмыссыз азаматтарды 5 мамандық бойынша оқуға іріктеу жүргізіледі.
Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі
— Жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту жұмыстарын 2019 жылдан бері атқарып келеміз. Бұл ретте «ТШО» компаниясы да келісімді бұзбай, осы уақытқа дейін 3 мыңнан аса азаматты халықаралық деңгейде оқытты. Бастапқыда оқыту жобасы 11 мамандық бойынша жүргізілді. Кейіннен, нарықта сұраныста жоқ мамандықтарды алып тастап, сұраныстағы 5 мамандықты қалдырдық. Олар құбыр монтаждаушы, БӨАжА монтаждаушы, электромонтаждаушы, құбыр дәнекерлеуші және металл конструкцияларын дәнекерлеуші. Соңғы көрсетілген екі мамандықтың оқу ұзақтығы 4 ай, қалғандары 3 ай оқытылады, — деді А.Мәмбетов.
Басқарма басшысының айтуынша, жауапты мамандар аудандарды аралап жұмыссыз азаматтарды оқуға іріктейді.
Іріктеу кестесі:
03.07.2023 жылы сағат 10:00
Исатай ауданы, «Жалын» мәдениет үйі;
03.07.2023 жылы сағат 15:00
Құрманғазы ауданы, Құрманғазы аудандық аграрлы-техникалық колледжі;
04.07.2023 жылы сағат 10:00
Индер ауданы, Индер аудандық көн бейінді ауылшаруашылығы колледжі;
04.07.2023 жылы сағат 15:00
Махамбет ауданы, «Өнерпаз» мәдениет үйі;
05.07.2023 жылы сағат 10:00
Мақат ауданы, Мақат кенті әкім аппаратының ғимараты. (Қызылқоға ауданының тұрғындары қатысады);
05.07.2023 жылы сағат 10:00
Жылыой ауданы, Темірхан Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі;
07.07.2023 жылы сағат 10:00
Атырау қаласы, «АПЕК Петротехникал жоғары колледж» ғимараттары
Айта кетейік, оқуға қабылданғандар жатақханамен және үш мезгіл тамақпен қамтылады.