Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жұмысқа орналастырып беремін деп 40 адамды алдаған күдікті ұсталды

Атырауда қаңтар-наурыз айларында тұрғындарды жұмысқа орналастырып беремін деп алдап, қомақты қаражатын жымқырған 1988 жылғы күдікті ұсталды.

Күдікті тұрғындарды ірі мұнай компанияларына жұмысқа орналастырамын деп әр адамнан 100-150 мың теңге көлемінде ақша қаражатын алып отырған. Нәтижесінде 40-қа жуық қала тұрғынының 4 млн-ға жуық теңгесін алаяқтық ниетпен қолды қылған.

«Аталған факті бойынша 1988 жылғы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілді. Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін толықтай мойындап уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, 40 эпизодты қылмыстық іс сотқа жолданды», — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button