Жаңалықтар
Атырауда жүк пойызы рельстен шығып кетті
Atr.kz/24 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысының Индер ауданында жүк пойызы рельстен шығып кетті.
Оқыс оқиға 20 тамызда сағат 05:00 шамасында болған. «Индер-Теміржолы» ЖШС директорының орынбасары Берік Ишанғалиевтың ақпаратына қарағанда, Мақат стансасынан 16 жүк вагонын тіркеген тепловоз жолға шыққан. Үш вагонға жүк тиелген. Қазіргі болжам бойынша, апат тепловоз машинисінің ұйықтап қалуынан болуы мүмкін. Алайда, машинист зардап шекпеген. Қазір аталған оқиғаға орай тексеру жүріп жатыр.
«ҚазАқпарат»