Атырауда жол-көлік оқиғасынан соң ізін жасырмақшы болған жүргізуші ұсталды
Оқиға 5 мамыр күні сағат 20:55 шамасында Атырау қаласындағы Тайманов-Досмұхамедов көшелері қиылысында орын алған. Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай қарсы бағыттағы ВАЗ 2110 көлігіне соқтығысып, соқтығыс екпінімен көлік артында тұрған ЛАДА 21723 көлігіне соқтығысқан, деп хабарлайды atr.kz Атырау облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сілтеме жасап.
Нәтижесінде Kia Rio көлігінің жүргізушісі автокөлігін тастап, оқиға орнынан кетіп қалған.
Полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, автокөліктің 1996 ж.т жүргізушісін анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігі (Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы) және 611 бабы 2 бөлігімен (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) әкімшілік хаттама жасақтап, сотқа жолданды.