Атырауда жол-көлік оқиғасын жасап қашып кеткен мас жүргізуші ұсталды

whatsapp image 2021 05 13 at 16.07.17 Жаңалықтар

21 сәуір күні сағат 22:30 шамасында Жұлдыз мөлтек ауданы Лидер супермаркеті тұсында жол-көлік оқиғасы орын алды.

-43 жастағы Hyundai Starex автокөлігін масаң күйде басқарған жүргізуші, қарсы бағытта келе жатқан Ваз 2114 көлігіне соқтығысып, оқиға орнынан ізін суытқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 27 жастағы азаматшаға жеңіл түрдегі дене жарақаттарын келтірген.

Көп ұзамай, патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін ұстап, ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 3 бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) және 611 бабының 2 бөлігімен (жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) әкімшілік хаттамалары жасақталып, мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз