Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда жол ережесін бұзған 90-ға жуық адам жүргізуші куәлігінен айырылды

Атырауда жыл басынан бері жолдың қарсы жолағына шыққан 90-ға жуық адам жүргізуші куәлігінен айрылды.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада жол ережесін қасақана бұзған ер адам анықталды. 2001 жылы туылған, Атырау қаласының тұрғыны Chevrolet Cobalt автокөлігімен Алиев көпірі үстінде қарсы жолаққа шығумен қатар, апаттық жағдай туғызған.


Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 606 бабымен ( басқада жол жүрісі қатысушыларына апаттық жағдай тұғызған) әкімшілік хаттама толтырылып, 29 170 теңге айыппұл салынды.
Одан басқа, ҚР ӘҚБтК 596 бабының 3 бөлігімен ( жолдың қарсы бағытына шығу) әкімшілік хаттама толтырылып, 6 ай мерзімге жүргізуші құқығынан айыру мақсатында, жинақталған іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданды», — деді, Патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Сәрсенбаев.

Жыл басынан бері жолдың қарсы бағытына шығып құқықбұзушылық жасаған 90-ға жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, барлығы 6 ай мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды — деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button