Атырауда жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Атырау қаласында орын алған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі адамның қазіргі жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеме жасады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарақат алған адамдардың бірі травматология бөлімінде ем қабылдап жатса, екіншісі хирургия бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер науқастардың жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр.
«Қажетті ем-шаралар уақытылы жүргізіліп жатыр, науқастардың тезірек сауығып кетуі үшін барлық жағдай жасалған», – делінген басқарманың хабарламасында.
Еске сала кетейік, Атырау-Дамба тас жолында орын алған жол апатынан бір адам оқиға орнында көз жұмды. Құзырлы орган аталған дерек бойынша кешенді тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
А.ҚҰРМАШЕВА
Сурет: freepik.com