Атырауда жол апаты болып, екі адам ауруханаға түсті

shddld Жаңалықтар

12 маусым күні республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының жол апаты орын алды.

2000 жылғы Өзбекстан Республикасының азаматы Chevrolet Cobalt автокөлігінің басқару жүйесін игере алмай жол жиегіне аударылып, жүргізушісі және жолаушы дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

«Осы ретте, көлік құралын басқарушы жүргізушілерге тас жолдарда жылдамдықты шамадан тыс асырмай, барынша сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеміз», – деді Атырау облыстық полиция департаменті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз