Атырауда Жол активтерінің ұлттық сапа орталығына жаңа басшы тағайындалды
ҚР Көлік министрлігі Автокөлік жолдары комитеті «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалына жаңа басшы тағайындалды.
Енді аталған филиалды бұған дейін «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары қызметін атқарған Аслан Темірғалиұлы Дюсенов басқарады.
А.Дюсенов 1972 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1995 жылы Алматы автокөлік және жол институтын «Автокөлік және аэродром құрылысы» мамандығы бойынша және 2004 жылы Атырау мұнай және газ университетін «Мұнай-газды сақтау, мұнай-газ құбырларын пайдалану, жобалау» мамандығы бойынша тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты, доцент, «Құрметті жолшы» төсбелгісінің иегері А.Дюсенов алғашқы еңбек жолын 1995 жылы Атырау мұнай және газ институтында оқытушы болып бастаған. Кейін аталған оқу орнының құрылыс кафедрасында аға оқытушы, Жалпы инженерлік тәртіп және сырттай бөлім факультеті деканының орынбасары және проректордың халықаралық байланыс және ғылыми жұмыстар жөніндегі көмекшісі қызметтеріне дейін көтерілген. 2013-2018 жылдар аралығында «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары, 2018-2019 жылдары «ҚазақАвтоЖол» ЖШС Атырау филиалының директоры қызметтерін атқарған. Ал, бүгінгі күнге дейін «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары болып еңбек етіп, Автокөлік жолдарының сапасын бақылау, пайдалану және күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастырған.