
Жаңалықтар
Атырауда жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім табылмай жатыр
Атырауда 16 жасар жасөспірім 6 сәуір күні үйінен ата-анасына ескертусіз белгісіз бағытқа шығып, кері оралмаған.
Атырау облысы ТЖД қызметкерлері жедел түрде су асты іздестіру жұмыстарына жүргізді.
«Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағының 10 адам, 1 техника мен 2 жүзу құралы, ПД 5 адам, 1 техника және еріктілер мен жергілікті тұрғындар жумылдырылган. Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар. Балаларды назардан тыс, қараусыз қалдырмаңыздар!», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.