Атырауда жоғалған балалардың біразын модульді бекет полицейлері тауып, туыстарына табыстаған
Atr.kz/19 тамыз, 2020 жыл. Өткен жылдан Атырау қаласында 4 модульді полиция бекеттері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында қызмет атқаруда.
Модульді типтегі стационарлық бекеттері Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет алаңы, «Жеңіс» саябағы, М. Өтемісұлы атындағы қазақ академиялық драма театры және Вокзал маңы аумақтарында орналасқан.
Бұл бекеттерде Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 2 ауысымда 12 сағаттан қызмет атқарады.
Биылғы жыл басынан бері модульдік полиция бекеттеріне 500-ден астам азаматтар әр түрлі өтініш-сауалдарымен жүгінген, атап айтқанда, кең ауқымды шаралар кезінде алаңдап мен сабақтарда құжаттарын жоғалту, үйінен адасып қалған жасөспірімдерді тауып алу, құжаттар тауып алу, учаскелік инспекторлармен байланысқа шығу қажеттілігі туралы өтініштермен , сонымен қатар, ұрлық, алаяқтық т.б қылмыс фактілері бойынша қайда шағымдану керектігі туралы қажетті ақпараттар алған.
Мысалы, 2019 жылы Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығын кең көлемде мерекелеу күндері Исатай-Махамбет алаңында
бір тәулікте 93 бала жоғалып, полиция бекетіне жүгінгеннен кейін балалар сол маңайдан табылып, туыстарына табысталған.
«Полиция департаментінің баспасөз қызметі»