Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жерасты суын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов «Qatar su» ЖШС копаниясының өкілдерімен кездесіп, жерасты суын өндіру жобасын талқылады, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жобаны ұсынған «Qatar su» ЖШС-нің атқарушы директоры Николай Еньшин бұл бағыт бойынша арнайы лицензиялар алғанын айтып, өңірдегі су қорларын зерттеу және бағалау үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудегі жоспарымен бөлісті.

–Біз «Атыраугидрогеология» компаниясымен келіссөздер жүргізуді бастадық. Мемлекеттік қорлардан қажетті құжаттардың пакетін алып, өңірлік гидрогеология мәліметтер базасын құрып, «Жаңасу», «Бали»кен орындары туралы мәліметтерді енгізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, тарихи деректер негізінде судың сапасы мен өндірушілік әлеуетін бағалауға мүмкіндік беретін алдын ала гидрогеологиялық цифрлық модель жасаймыз. Бұл жоба ауыз су мен техникалық суды өндіру және оны тиімді тасымалдау мақсатында құрылатын инфрақұрылымды қамтиды. Су тасымалдау жүйесі магистральдық су құбырларына қосылатын болады, ал оны Теңізшевройл компаниясымен ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар мен серіктестік жобалары аясында жүзеге асырғымыз келеді, — деді Н.Еньшин.

Кездесуде ТШО компаниясының Бас директоры Кевин Лайон жобаны қолдау үшін инвестиция құюға дайын екенін жеткізді.

–Қазір «Келешек кеңею» жобасын аяқтап жатырмыз. Өндірістік операцияларымыз бен зауытты пайдалану үшін сумен қамту маңызды. Оффтейк келісімшартына қатысты айтар болсақ, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болады. Біз осы ретте барлық ұсынысты қарастыруға дайынбыз, бірақ компанияның өзіндік параметрін де ескерген жөн. Бұл жоба сенімді, ал өнімі сапалы болуы қажет. Тариф құны да бәсекеге қабілетті болуы тиіс, — деді К.Лайон.

Серік Шәпкенов өңірді сумен қамтудағы қиындықтарға тоқталып, жерасты суын пайдалануға бағытталған жобаның өңірге тиімділігіне тоқталды.

–Сумен қамту елімізде стратегиялық маңызы бар мәселе. Біз суды Жайық және Қиғаш өзендерінен алып отырмыз. «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырымен тұрғындарды және өндіріс орындарын сумен қамтимыз. Сіздің жобаңызғе туралы қызығушылық танытып, келісім бердім. Себебі, жерасты суын тиімді пайдалану маңызды. Оның сапасы жақсы, пайдалану әлдеқайда тиімді. Құрамын минералдау мәселесі шешілсе, халыққа таза ауыз су ретінде де беруге болады. Инвестициялық жобаңыз көңілге қонымды, егер жұмыс бастауға дайын болсаңыз, қолдаймыз,-деді С.Шәпкенов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button