Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда “Жер-2025” оқу-жаттығуы өтеді

Атырау облысы аумағында 2025 жылғы 23-24 шілде аралығында «АҚМЖ басқару органдарын, күштері мен құралдарын жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған ТЖ-ды жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі. 

​Оқу-жаттығудың мақсаты – жер сілкінісі кезінде күштер мен объектілерді басқару бойынша жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттерін пысықтау, сондай-ақ жедел басқару ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.

Оқу-жаттығу аясында өткізілетін іс-шаралар:

​2025 жылғы 23 шілде сағат 08.00-де – «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының басталуы. Өтетін орны – дағдарыс орталығы (ТЖД ғимараты).

​2025 жылғы 24 шілде сағат 09.00-де – жер сілкінісі кезінде шұғыл авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. Өтетін орны: Элеватор маңындағы автокөлік айналма жолы бойындағы көпір маңы, «Бірлік» ипподромы аумағы.

Пысықтауды қажетсінетін іс-шаралар:

​*Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен халықты қабылдап, уақытша қауіпсіз бекеттерге (лагерьлерге) орналастыру;

​*Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында инженерелік техникаларды жөнелту, тиеп, түсіру іс-шараларын ұйымдастыру;

​*Жер сілкінісі кезінде үйінді астында қалып қойған адамдарды құтқару бойынша авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу.

Атырау облысы бойынша ТЖД имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button