ЖаңалықтарШаһар шырайыҚұқық
Жеңіл автокөлік су астына түсіп кетті
29 қаңтар күні сағат 20.00 шамасында «ВАЗ 21014» маркалы автокөлігі Ракуша селосы тұсынан Жайық өзені арқылы мұз үстімен Курилкино селосына өтпекші болған кезде мұздың осал тұсы ойылып, су астына түсіп кеткен. Бұл туралы Атырау облыстық ІІД Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, автокөлік жүргізушісі — 1989 жылғы азамат аман қалған. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабы, 2-бөлімі бойынша xаттама толтырылды.