
Жаңалықтар
Атырауда жел электр станциясы салынады
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қытайлық CREI компаниясының басшысы Чжэн Чжанмен кездесті. Қытайлық компания аймақта жаңартылатын энергия көзін дамыту мақсатында жаңа жоба ұсынды, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде Чжэн Чжан Атырау облысына қуаты 500 мега Ватт жел электр станциясын салуға қызығушылық білдірді.
Жоба өңірдің энергетикалық әлеуетін арттыру және экологиялық таза энергия көздерін пайдалану бағытында жүзеге асырылмақ.

Серік Шәпкенов бұл жобаның Атырау облысы үшін стратегиялық маңызын атап өтіп, оны бірлесіп жүзеге асыруда қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Айта кету кере, өткен жылдың қорытындысында Атырау облысының Қытаймен сыртқы сауда айналымы 1,6 млрд АҚШ долларын құрады.