Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Атырауда жеке клиникалар тұрғындарға тегін қызмет көрсетпек

Atr.kz/13 наурыз, 2020 жыл.  Облыста Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 27 жекеменшік  клиника тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді. 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облыстық филиалының директоры Сәбит Құралбектің айтуынша, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және аталмыш сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында барлығы 92 мекеме бар. Оның 38-сі мемлекеттік, 54-і жеке меншіктегілер. 

Ал, биыл  облыс бойынша 58 медициналық ұйым аталмыш қор филиалмен медициналық қызметтерді көрсетуге келісім-шартқа отырды. Олардың ішінде мемлекеттік  мекеме саны 31 болса, 27-сі – жеке меншік медициналық ұйым. Осы келісім-шартқа отырған ұйымдардың ішінде 20 денсаулық сақтау ұйымы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Бұл көрсеткіштің ішінде «Сәлімжан и К», «Медикер Жайық», «Ақтөбе Транзит Экспедишн», «Медикер Жайык», «QAMQOR QP2», «Атырау теміржол ауруханасы» секілді бес жекеменшік серіктестік бар, — дейді Сәбит Райымбекұлы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/m%d2%b1naj-%d3%a9nimderimen-lasta%d2%93an-seriktestik-%d2%9byzmetin-to%d2%9btatty/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button