
Атырауда жеке қабылдаудың жаңа жүйесі жүзеге асырылмақ
Аtr.kz/29 мамыр, 2019 жыл. Құқық қорғау қызметтері орталығында 30 мамыр күні сағат 11:00-12:00 аралығында жеке қабылдау өтеді.
Атап айтқанда:
— Атырау облысының прокуроры Х.З. Дәуешовпен,
— Атырау облыстық сотының төрағасы М.Ж. Бектұрғановпен,
— облыстық Полиция департаменті бастығының м.а. Х.Б. Үмбетқалиевпен,
— облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қ.Б. Жұлмұхамбетовпен,
— облыстық Әділет департаментінің басшысы С.Б. Тұрғаринмен,
— Атырау қаласының әкімі А.Құттұмұратұлымен жеке қабылдау өткізіледі.
Қажет болған жағдайда Орталықта адвокат, медиатор, сот орындаушысы, құқықтық статистика және арнайы есепке алу мамандарының қызметіне жүгінуге болады.
Мекен-жайы: Атырау қаласы, Сәтбаев көшесі, 25 үй (Құқық қорғау қызметтері орталығы).