Атырауда жатақхана өртенді (+ФОТО)

2003032141526260f Жаңалықтар

Atr.kz/4 наурыз, 2020 жыл. Бүгін Атырауда жатақхана өртенді. Оқиға түстен кейін орын алған. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ.

Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, «тілсіз жау» Балықшы шағынауданындағы бес қабатты жатақханының үшінші қабатында тұтанған. Нақтырақ айтқанда, алдымен бөлме өртеніп, кейін балконға ауысқан.

Өрт кезінде қолданылатын арнайы саты арқылы 12 адам тысқа шығарылды. Оның бесеуі – бала. Ал, жалпы ғимараттан көшірілгені – 37. Барлығы 20 өрт сөндіруші көлік пен 5 арнайы техника жұмылдырылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

200303221436680e
http://atr.kz/bez-rubriki/alda%d2%93y-%d2%afsh-t%d3%99ulikte-aua-rajy-k%d2%afrt-%d3%a9zgeredi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз