Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда жасырын жұмыс істеген казино анықталды

Атырауда экономикалық тергеу департаменті казино ұйымдастырғандарды анықтады, деп хабарлады қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Оларды ұстауға ішкі істер министрлігінің «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағы тартылды. 

«Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде «Бомонд» дәмханасының VIP залында орналасқан жасырын казино қызметі анықталды. Ұйымдастырушылар өз мақсаттары үшін ойыншыларды тарту арқылы пандемия кезінде карантин режимін бұзып, казино түрінде заңсыз ойын бизнесін жасырын жүзеге асырған», — делінген ақпаратта.

Оқиға орнын тексеру барысында арнайы кенеп, ойын карталары, «Техас Холдем» покер ойынына арналған чиптер, чиптерге арналған стендтер секілді қылмыс құралдары табылып, тәркіленді.

Ойын фишкалары жасырын казино ұйымдастырушыларына тиесілі Kaspi gold картасына ақша аудару арқылы сатып алынған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігі (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған күдіктілерге ірі айыппұл салу немесе бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

https://atr.kz/bez-rubriki/qalyn-tuman-zhane-qar-qazaqstanda-bes-oblysta-eskertu-zhariяlandy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button