Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам

Атырауда «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XVIІ маусымы басталды

Бүгін Атырауда «Жасыл ел» XVII еңбек маусымының ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты ашылу рәсімі Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Жастар саябағында өтті. Шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова қатысып, аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтың атынан «Жасыл ел» жастарының жұмысына сәттілік тіледі.

img 20210616 wa0066
img 20210616 wa0074
img 20210616 wa0075

— «Жасыл ел» еңбек жасақтарының  жыл сайын маңызы артып, таныла түсуде. 2005 жылы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жасыл ел» бағдарламасына биыл 17 жыл толып отыр. Атырау облысында соңғы 5 жылда 8 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылса, өткен жылы 1 мыңнан аса жас «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша қызмет етіп, нәпақасын тапты.  Бұл жоба – ең табысты және ауқымды әлеуметтік жобалардың бірі. Бұл –  жастармен жұмыс жасаудың өте маңызды құралы. Олардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін оятып, өздерін туған жердің иесі  сезінуге жетелейді. Таза еңбекпен нәпақа тауып, ата-ананы қуантуды да осы еңбек жасағындағы алғашқы еңбектері арқылы сезіне алады. Жұмыстарыңа сәттілік тілеймін,  — деді Бақытгүл Хаменова.

Биыл «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша мыңнан астам жас атыраулық жұмысқа орналасады. 
— Жаңа маусымға тіркеу онлайн-режимде тамыз айының соңына дейін жүргізіледі. Атап айтқанда, жеке куәлік, 20 таңбалы «Kaspi Gold» нөмірі, сондай-ақ егер  жұмысқа тұрушы 18 жасқа толмаған болса, ата-анасының рұқсаты қажет болады. Еңбек етуші жастардың бәрі  қолғаптармен, бетперделермен қамтамасыз етіледі, қашықтықты сақтай отырып жұмыс істейтін болады. Еңбек жасағы сарбаздарының жалақысы 65 мың теңге болады, — деді облыстық «Жасыл Ел» еңбек жасағының жетекшісі Абылай Құрметұлы.

img 20210616 wa0067
img 20210616 wa0072
img 20210616 wa0063

Фото Ерлан Алтыбаевтікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button