Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Жасыл ел» еңбек жасағы өз жұмысын бастады

Биыл кем дегенде 500 NEET санатындағы жастарды «Жасыл ел» ЖЕЖ XIX маусымы бойынша жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының Атырау облысы бойынша штаб жетекшісі Заманбек Құрақбай баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Жасыл ел» жобасымен жастарды уақытша маусымдық жұмысқа орналастыру бойынша жасақ қызметіне 16 жастан асқан оқушылар, жоғары оқу орындарының және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері тартылады. Сондай-ақ, жұмыссыз жастарды, NEET санатындағы Атырау облысы жастарын жұмыспен қамту қолға алынып отыр.

Негізгі жұмыс бағыты аймақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүргізіледі. Нақтырақ айтқанда, тал суару, ағаш отырғызу, саябақтарды сырлау. Сонымен қатар балалар алаңдарын қалпына келтіру жұмыстары.

— Биыл осы жоба аясында өткізілуі тиіс шаралар мен бағыттар бар. Жастарға төленетін жалақы мөлшеріне келетін болсақ, жалпы Қазақстан Республикасының ең төменгі жалақы көрсеткіші қазір 70 мың теңге. Жасыл ел жасағында осы 70 мың теңге төленетін болады. Алайда бекітілген салықтар мен міндетті зейнетақы жарнасын, сонымен қатар медициналық сақтандыруды қоса есептегенде, қолға алатын жалақы сомасы 55 440 теңгені құрайды. Биыл кем дегенде 500 NEET санатындағы жастарды жұмысқа қабылдауды жоспарлап отырмыз. Қазір де NEET санаты бойынша жастар өтініш тастап жатыр. Осыдан екі апта бұрын онлайн форматта қабылдауды бастаған болатынбыз. Статистика бойынша 2200 адам сұраныс жіберіп, тіркеуден өтті. Алайда бұл адамдардың барлығын бірдей қамти алмаймыз. Себебі біздегі негізгі мақсат 1756 жасты қамту,- деді З.Құрақбай.

Оның айтуынша, қазіргі кезде сұраныстың басым бөлігін Исатай және Қызылқоға аудандары құрап отыр. Бұл аудандар бойынша 400-дей жас өз өтініштерін жіберген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button