Атырауда жас самбошылар сайысты (+ФОТО)
Atr.kz/27 қараша, 2019 жыл. «Атырау» спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші Қошқарбай Табынбаевты еске алуға арналған самбо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті.
Жас самбошыларды бозкілем үстіне жинағана сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Тәжікстан, Ресей Федерациясынан 300-ге жуық спортшы қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов, самбо күресінен мемлекеттік жаттықтырушы Қаймен Есендияровтар сөз алып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Шара барсында жуырда ғана Оңтүстік Корея елінің Чхонджу қаласында самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионатыда күміс жүлдені қанжығасына байлаған Серікжан Түсіповке Атырау облысы самбо федерациясы сәйгүлік мінгізіп, аймағымыздың абыройын асқақтатқан саңлағымызға құрмет білдірді. Сондай-ақ бірнеше спорт маманы «самбо күресінің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.