Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жарықтың жиі өшу себебі белгілі болды

Атыраудың кейбір аумақтарында жарықтың жиі өшуі Батыс өңіріндегі электр станцияларында өндірілген қуаттардың тапшылығы мен «Орал-Атырау» 220 кВ транзиттік желісіндегі қуаттылықтың артуы себебінен орын алды. Бұл туралы “АтырауЖарық” АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. 

Баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша,  Батыс аймақтық электр станцияларындағы генерацияланатын қуаттың жетіспеушілігіне және 220 кВ Орал-Атырау транзиттік желісіндегі қуаттың көбеюіне байланысты, транзиттік желілердегі шекті режим кезінде ЖӨАА (жүктемені өшіру арнайы автоматикасы) апатқа қарсы автоматикасы электр энергиясын өшіру жолымен іске қосылады. 

 “Аталған автоматика бір немесе бірнеше қамту желілерін өшіру сияқты апаттық келеңсіздер кезінде жүктеме түйінінің тұрақтылығын сақтау үшін жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта электр энергиясының өшуін қайталап болдырмау үшін шаралар қолға алынып жатыр. Осы жағдайларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз”, — делінген хабарламада.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button