Атырауда – жаңа тағайындау
Atr.kz/24 мамыр, 2019 жыл. Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары болып Құрманғали Тасмағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
Құрманғали Нұрғалиұлы 1959 жылдың 12 маусымында Гурьев облысы (қазіргі Атырау) Махамбет ауданы Новобогат ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Гурьев педагогикалық институтын физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Атырау мұнай және газ институтын экономист мамандығымен аяқтаған.
Еңбек жолын 1984 жылы орта мектепте мұғалім болып бастаған. 1986-1988 жылдары аралығында Махамбет ауданының мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының мұғалімі, 1988-1991 жылдары Махамбеттегі сырттай-кешкі мектептің директоры, 1991-1992 жылдары Махамбет ОӨК шебері болып жұмыс істеген. 1992-1995 жылдары Махамбет ауданының фильмотекасын басқарса, 1995-1997 жылдар аралығында «Мерей» фирмасына жетекшілік еткен.
2002-2019 жылдар аралығында Атырау және Ақтөбе облысында Кедендік бақылау департаментін басқарып, Маңғыстау облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.