Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды

Бүгін, 2 маусым күні Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметіне қарасты №14 өрт сөндіру бөлімі салтанатты түрде ашылды.

Аталған шараға Атырау облысының әкімінің орынбасары Нұртаев Қайрат Талапұлы,  азаматтық қорғау органдарының бірқатар ардагерлері және Департамент басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Жаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылуы төтенше жағдайларды жоюда Атырау облысының өрт сөндіру бөлімшелері қызметінің жеделділігін, тиімділігін арттырады.

Жаңадан салынған №14 өрт сөндіру бөлімі облыс аумағындағы барлық ауқымды өрттер мен төтенше жағдайларға шығады. Атырау қаласының көптеген аумақтарын, оның ішінде батыс бөлігін (Жұлдыз, Ақсай, Талғайран, Қайыршақты округтерін) қауіпсіздіктен құтқару мақсатында қызмет атқаратын болады. Өрт сөндіру бөлімі заманауи құрал – жабдықтармен, техникалармен жабдықталған.  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button