Атырауда жаңа мешіт ашылды

1cd241d6 fb05 4ba3 a7d8 61193de1f4bf Жаңалықтар

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырау қаласының Береке ауылында жаңа мешіт халық игілігіне берілді, деп хабарлайды amin.kz

Мешіттің ашылуына Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, Атырау облыстық дін істері басқарма басшысы Қайролла Көшқалиев, ҚМДБ жанындағы ақсақалдар алқасының мүшесі Абат Шәкірұлы және ауыл тұрғындары мен Қарилар орталығының ұстаздары, шәкірттері қатысты.

Алла үйінің ашылуында сөз сөйлеген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жамағатты Рамазан айымен құттықтап, мешітке қолдау көрсеткен жандарға алғысын білдірді.

«Аллаға шүкір, бүгінгі таңда облысымызда мешіттер бой көтеруде. Мешіт – имандылық ұясы. Бұл жерде діни рәсімдермен қатар, рухани тәрбие беріледі. Қоғамда мешіт пен мектепті қатар қойып әр түрлі кертартпа пікірлер айтылуда. Алайда, түсінуіміз керек ақиқат бар. Мектептер өз алдына білім мен тәрбие ошағы болса, мешіттер руханият ордасы» деп атап өтті Бас имам.

Және мешіт құрылысына атсалысқан жандарға алғыс хаттар табыс етілді.

Жаңа мешітке имам болып білікті маман Мұхамедкәрім Сматұлы тағайындалды.

Айта кетейік, мешіт 300 адамға арналған. Ерлерге және әйелдерге арналған тахаратхана, Құран оқитын бөлме қарастырылған. Аталған мешітте алғашқы тарауих намазы оқылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз