Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жаңа мешіт ашылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына барған сапарында Алмалы ауылында жаңа мешіттің ашылуына қатысты.

Жамағатты жаңа мешіттің ашылуымен құттықтаған Бас мүфти: «Аллаға шүкір, еліміз егемендік алған сәттен бастап дін саласында көптеген оң өзгерістер орын алды. Соның бірі – халықтың мешіттерге деген ықыласының артуы. Қазір Қазақстан бойынша 2700-ден астам мешіт халыққа қызмет көрсетуде. Жаңа мешіттердің бой көтеруі – халқымыздың дінге бет бұрғанының, рухани ізденістің артқанының айқын көрінісі.

99405ec4 a4f1 4a75 bfc4 329a27eb3dd8

Бұл мешіт – сол ізгі жолдың жалғасы. Мұнда намаз оқылып, Құран оқытылады, имандылық дәрістері өтеді, жастар тәрбиеленеді. Мешіт – Жаратушыға жақындайтын, мейірім мен махаббат орнайтын, ақиқат пен әділетке үндейтін қасиетті орын. Бұл – құлшылық мекені ғана емес, тәрбие мен тағылымның, білім мен бірліктің, береке мен ынтымақтың рухани ордасы.

0ccafd72 57e4 4eb7 a004 0e3be77bcbb3

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Алланың разылығы үшін мешіт салса, Алла Тағала оған жәннаттан бір үй тұрғызып береді», – деген. Сондықтан бұл мешіттің салынуына үлес қосқан барлық азаматтарға, демеушілер мен құрылысшыларға, ұйымдастырушы ұжым мен жергілікті мешіт жанашырларына өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан шынайы алғысымды білдіремін. Алла разы болсын!,- деді.

Игі іс-шарада Бас мүфти мешіттің салынуына үлес қосқан азаматтарды Алғыс хатпен марапаттап, демеушілердің көмегімен кіші қажылыққа жолдама берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button