Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Атырауда жаңа газ-химиялық кешен салынады

Atr.kz/ 2 сәуір, 2019 жыл. Газетіміздің өткен сандарында біз облыста жаңа газ-химиялық кешеннің бой көтеретіні жөнінде жазған едік. Жақында бұл мәселе Ақордада өткен маңызды кездесуде көтерілді.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Borealis» компаниясының басқарма төрағасы Альфред Штернді қабылдады. Аталған мекемемен серіктес болудың маңыздылығына мән берген Мемлекет басшысы енді бірлесіп еліміздегі ірі жобаларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

– Атырау аймағында қолға алынатын газ-химиялық кешен құрылысына қатысты өзара ой-пікір алмасуды жөн көрдім. Аталған кешен жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті жердің экономикалық-әлеуметтік әлеуетін арттыруға мол мүмкіндік бермек. Біз өз тарапымыздан сіздің компаниямен тығыз әрі нәтижелі әріптестік орнатқымыз келеді, — деп атап өтті Қ.Кемелұлы.

Кездесу барысында Президентке «Borealis» компаниясының негізгі жобалары мен оларды жүзеге асыру жолдары жөнінде есеп берілді. Ал, А.Штерн екі ел арасындағы берік байланысты ескеріп, Қазақстанда бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік беріп, зор қолдау танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді.    

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button