Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жаңа форматтағы 6 мектеп бой көтеруде

Атырау облысында үш ауысымды оқытуды жою және білім сапасын арттыру мақсатында 2025 жылы алты «Келешек мектебінің» құрылысы жүргізілуде, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұлттық жоба аясында бұған дейін үш білім ордасы іске қосылып, бүгінде тиімді жұмыс істеуде. Солардың бірі – Атырау қаласындағы №50 мектеп. 1200 орындық мекемеде өткен оқу жылында 1170 шәкірт білім алып, табысты аяқтады. Қазір мектеп жанынан жазғы лагерь ашылып, балаларға арналған танымдық бағдарламалар жүзеге асуда.

–«Келешек мектебі» жобасы аясында 2023-2025 жылдары Атырау қаласында жалпы саны 7800 орындық 9 мектептің құрылысы жоспарланған. 2024 жылы 2700 орындық 3 мектеп іске қосылды. Қазір 5100 орынға арналған 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Атап айтқанда, Атырау қаласындағы «Ақсай-2», «Жұлдыз-2», «Жұлдыз-3» шағынаудандарында, Құлсары қаласында 1200 орындық және Құрманғазы, Ақкөл ауылдарында 600 орындық мектептер салынып жатыр,- деді облыстық білім беру басқармасының бас маманы Ережеп Абылай.

Мектептің материалдық-техникалық базасы толықтай жабдықталған. Онда заманауи зертханалар, робототехника кабинеті, шығармашылық шеберханалар, инклюзивті білім беруге арналған арнайы кабинеттер мен спорт залдары жұмыс істейді. Барлық нысан бейнебақылау және қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етілген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button