Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жалпықазақстандық ашық диктант жазу акциясы өтті

5 қыркүйекте Достық үйінде жалпықазақстандық ашық диктант жазу акциясы өтті. Бұл туралы Қоғамдық келісім КММ Баспасөз қызметі бөлімінің басшысы Айгүл Бақтыгерейқызы мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған ашық диктант Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған Даму тұжырымдамасы негізінде «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында ұйымдастырылып отыр.

-«Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында өткен диктантқа Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық келісім КММ қызметкерлері мен Атырау облысы ҚХА этномәдени бірлестік басшылары  қатысты. Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту мақсатындағы акцияға еліміздің барлық өңірі жаппай атсалысады. Ал өңіріміз бойынша үш жерде ұйымдастырылды. Оның бірі – Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы. Ол жақта 50 адам болса, Энергетика колледжінде 200 адам, сондай-ақ Достық үйінде өткен іс-шараға 15 адам қатысты, — деді А.Бақтыгерейқызы. 

Оның айтуынша, мұндай іс-шара мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейіп, оның қоғамдық маңызын арттырады. Сондай-ақ, этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруге деген құштарлығын ояту арқылы қазақстандық қоғамнан өз орнын табуға ықпал ете отырып, жалпы сауаттылық және қоғамдық белсенділігі артады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button